Қылмыс

Әкімшілік хаттама толтырмау үшін 100 мың теңге көлемінде пара сұраған полицей құрықталды

СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған тәртіп сақшылары көлікті мас күйінде жүргізген көлік иесін тоқтатқан. Кейін әкімшілік хаттама толтырмау үшін 100 мың теңге көлемінде пара сұраған. Қазір ақшаны қалтасына баспақ болған тәртіп сақшысының біреуі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ал бұл іске қатысы бар деген күдік тағылған тағы екі тәртіп сақшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Риат Шони.