МТРА жаңалықтары

Астана күніне орай “Дельфин” су бұрқағы жаңартылды

Бұндай заманауи субұрқақты орнату ұсынысын облыс әкімі Ерік Сұлтанов жасаған болатын. Нысанның жобасын “Апаттан құтқарушы қызметі” өндірістік кооперативінің мамандары әзірлеп, жүзеге асырған. Бұл олардың осындай алғашқы тәжірбиесі.

Юрий Бацанов – “Апаттан құтқарушы қызметі” ӨК директоры.

-Астана күні қарсаңында, теріскейліктерге сый тартпақ ниетпен, “Дельфин” су бұрқағын жөндеуден өткіздік. Жалпы, барлық жұмысты 1 ай ішінде тындырдық. Бұл фонтан, түрлі түсті көрініс көрсетіп қана қоймай, музыкалық сүйемелдеу қарастырылған. Барлық қажетті құрылғылар Германиядан әкелінді.

Бас қаламыз – Астана күніне орай ашылған керемет субұрқақ солтүстікқазақстандықтардың шын көңілінен шықты.

-Қаламыз үшін, бұл жаңашылдық өте жақсы. Маған бұл субұрқақ ұнады.

-Бұл субұрқақ көңілімнен шықты, түрлі түсті жарықтар әдемі көрініс көрсетеді екен.

Айта кеткен жөн, бұл жобаға қала бюджетінен 30 миллион теңге бөлінген.

 

 

Сагыныш Маркашева.