МТРА жаңалықтары

Шілде айындағы ауа райы жылдағыдай қалыпты болмақ

Синоптик мамандарының сөзіне сенсек, шілде айында ауаның орташа температурасы 19-21 градус шамасында болады деп күтілуде. Бұл – жылдағы қалыпты норма. Айтар болсақ, бірінші онкүндікте ауаның температурасы күндіз 13-18, ал түнде 8-13 градус маңайында жылы болмақ.

Татьяна Марьина – СҚО гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі.

-Айдың алғашқы онкүндігінде ауа райы Батыс Сібірден келген циклонның әсерінен салқындайды. Ал, айдың 2-ші жартысында ауа температурасы одан әрі төмендеп, күндіз 18-23, кей жерлерде 25 градусқа дейін барады деп күтілсе, түнде сынап бағанасы 7-12 градусқа дейін түсуі ықтимал. Шілдедегі жауын-шашынның орташа мөлшері 53-72 мм болмақ. Солтүстік бағыттан соғатын желдің күші секундына 15-20 мтерге жетеді.

Ал осы айдың үшінші онкүндігінде ауа-райы сәл де болса оң қабақ танытпақ. Шілденің соңында сынап бағанасы түнде 12-17, кей жерлерде 22 градусқа көтеріледі. Облыс аумағында күндіз 23-28, ал кей жерлерде 33 градус шамасында күтілуде. Соңғы уақытта аптап ыстық жиілеп кеткен болатын. Сол себепті, тұрғындар кейбіреуі салқын ауа райын қалайтын көрінеді.

Вадим Ғалиулин.

-Шілде айының салқын болғаны жақсы. Әйтпесе, ыстықтан шаршадық.

Кашемирова Валентина.

-Ыстықтан кейін аздап болса да демалған дұрыс. Күннің салқындағаны жақсы. Бірақ, күннің ыстық болғаны да дұрыс.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, мамандардың айтуынша шілде айының ең жоғарғы температурасы 1940 жылдың 18 шілдесінде тіркелген екен. Онда сынап бағанасы +40,5 градусты көрсеткен. Ал, ең төменгі көрсеткіш 65-ші жылы шілденің 25-сінде орын алыпты. Сол күні ауа-райы небәрі +3,8 градус болған.

 

Култанов Байболат.