Балалар

Қызылжарлық оқушылар Астанаға саяхатқа аттанды

Нұрлыбек Құрмашев , Парасат мектеп-лицейінің оқушысы, Қызылжар ауданы.

-Шілденің алтысы Астананың туған күні. Мен бас қаламызды құттықтағым келеді. 01.00 Мен Астанаға баруды армандадым.

Жасөспірімдерді Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің музейі мен Бәйтерек сынды Елордамыздың басты символдары ақысыз қарсы алатын көрінеді. Ал, өзге ғимараттар мен қаланы аралау үшін Қызылжар аудандың білім бөлімі 300 мың теңге қаржы бөлген.

Әсемгүл Жүнісбаева, Қызылжар аудандық білім бөлімінің әдіскері.

-Астана күнінің қарсаңында біздің оқушыларымыз қаланың әдемі жерлерін аралап, танысады. Сапарға баратындар тек аз қамтылған отбасылардың балалары. Сондықтан да олардың бір реттік экскурсияға шығуы үшін Қызылжар аудандық “Жалпыға бірдей білім беру” қорының жасаған қолдауы мол.

Ағымдағы жылдың жаз маусымында СҚО-лық аз қамтылған отбасылардан 500 жасөспірім Бас қаламызға сапар шекпек. Мәселен, келесі кезек Ғ.Мүсірепов ауданының оқушыларында. Ал, балаларын алғашқы лекпен саяхатқа аттандырып отырған Қызылжар ауданынан келген ата-аналар мұндай мүмкіндіктің туғанына дән риза.

-Ұлым Бақкелді Астана қаласына саяхат жасамақ. 00:18 Жақсы демалып келсін. Сәт сапар тілеймін. Мұндай саяхатқа бірінші рет бара жатыр. Өзім қуаныштымын.

-Менің балама осындай ұсыныс түскеніне ризамын. Қызылжар оқу бөлімінің басқармасына алғысым зор. Балалар осылай Астана қаласын көреміз деп мәз-мейрам болып жиналып жатыр. Сәт сапар тілеймін.

Балалар Петропавл-Астана бағытындағы жүрдек поездға жайғасты. Бәрі де межелі жерге жеткенше асық. Олардың Астана қаласындағы саяхаты таңертеңгі 7 ден кешкі 22:00-ге дейін жалғасады.

 

 

Акбопе Танирберген.