МТРА жаңалықтары

Петропавлда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі жөнінде дөңгелек үстел өтті

Гүлбақша Мұсабаева – «Ұрпақ» қазақ мәдени ағарту орталығының төрайымы.

-Біздің орталық, біріншіден отбасылық құндылықтарды насихаттаумен айналысады. Бүгінде бізге жастармен жұмыс жасау маңызды. Өйткені, олар біздің ертеңіміз. Өскелең ұрпақ мансапқа өз күштерімен, адал еңбекпен жету керектігін түсінсе деймін. Жүрегі Қазақстан деп соққан әр азамат еліне адал қызмет етуі керек.

Дөңгелек үстел басына өзекті мәселені талқылауға қоғамдық ұйым мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органы мамандары жиналды. Олардің айтуынша, мақсат – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру.

Қасымхан қажы Исаев – “Қызылжар” облыстық орталық мешітінің наиб-имамы.

-Біздің дініміз Ислам бұл нәрсеге қатаң түрде тыйым салады. Біреудің ақысын жеу – үлкен күнә екені құранда жазылған. Және де Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с параны берген де, оны алған да тозаққа барады дейді. Егерде қоғамда әр салада осындай парақорлық болатын болса, мемлекетіміз ещқашанда көркендемейді. Зиянды халық шегеді. Сондықтан әрбір адам өзінен бастау керек, оның ішінде қандай да бір қызмет жасап жатқандар Отан алдындағы өзінің жауапкершілігін сезіну керек.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Халықтың күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін барлық амалдарды қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

 

 

Айгерим Ержанова.