Аптадағы маңызды жаңалықтар

Астана күні қарсаңында облыс әкімі ҰОС ардагері Валентина Устименконың үйіне барды

Валентина Устименко – Ұлы Отан соғысының ардагері.

-Бірде танк жарылып, отқа оранды. Сонда ішінде қалып қойған біздің жауынгерлердің бірі шығамын деп дәл қақпасында қыстырылып көз жұмды. Соны көріп есімнен де танып қалдым. Сондай сәтте қасымдағы қыздар үнемі қолдап отыратын. Мен олардың ішіндегі ең жасы кішісі болдым.

Сол жерде жүріп, Валентина Петровна жұбайымен танысады. Кейін отау құрған. Қазақстанда тұрғандықтан, қазақи қонақжайлылықты бойына сіңірген әжей, үйіне мейман келгенін ұнатады. Ардагердің хал-жағдайымен танысқан өңір басышысы Ерік Сұлтанов қарияны Астана күнімен құттықтап, сыйлық табыс етті. Содан соң өңірде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, жаңалықтарды жеткізді.

Ерік Сұлтанов- Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Облысымызда да бірқатар жақсы жұмыстар атқарылып жатыр. Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір барысында ауыл шаруашылығы комбаиндарын құрастыратын зауытты іске қосты. Ол техникалар біздің өңірге өте қажет. Алда тағы бірнеше ірі кәсіпорындарды іске қоспақ ниеттеміз.

Соғыс ардагері Валентина Устименко алдағы қыркүйек айында 90 жасқа толады екен.

 

 

Магжан Ахмадина.