Білім

СҚО ұстазы Зухра Ауанбаева республикалық “Үздік педагог-2015” байқауына дайын

Зухра Ауғанбаева – М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж қарамағындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

– Мен кішкентай кезімнен ұстаз болуды армандайтынмын. Нағыз ұстаз немесе дарынды ұстаз болу үшін мұғалім шын мәнінде өз уақытын аямайтын, баланың тек қана ішкі жанын түсініп қана қоймай, оның серіктесі, досы бола керек. Сондықтан да мен мамандығымды дұрыс таңдағаныма көзімді жеткізіп келем.

Ұстаздық жолында Зухра Ауғанбаева түрлі марапаттарға ие болды. Ол бірнеше республикалық сайыстардың жеңімпазы атанып, облыс әкімінің алғыс хаттарын иеленді. Бұл менің еңбегімнің бағаланғандығын көрсетеді,-дейді ұстаз. Сонымен қатар, ол бірнеше оқу-әдістемелік құралдардың авторы атанды. Жазған еңбектерін күнделікті сабақта жиі қолданады.

Зухра Ауғанбаева – М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж қарамағындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

– Алғашқы ұстаздық тәжірибемді бастаған кезде, өзіме пәнді берудің риторикалық тәсілін қалап алдым. Қазіргі таңда бізге қойылып отырған жаңа талаптардың негізінде балаларды ойлануға үйрету, сын тұрғысынан сөйлей білуге, дағдыларын дамыту мәселесі алға қойылып келе жатқан кезде мен сол дұрыс бағытта жұмыс істеп келе жатқанымды түсындым.

Енді жоғары категориялы ұстаз тамыз айында өтетін республикалық сайысқа портфолио әзірлеуде.

 

Айгерим Ержанова.