Мәдениет

Солтүстікқазақстандықтар Астананың туған күнін атап өтуге әзірленуде

Алтынай Сыздықова- Петропавл қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

– Сағат 12-00-де Шаталов ескерткіші маңайында “Қала дарындары” атты ойын-сауық бағдарлама, би және көркемөнер шеберлік сабақтары өткізіледі. Ал Абай мен Пушкин ескерткіші алаңында спорттық желекжол: фитнес-клуб, пейнтбол ойыны, гимнаст, акробаттардың көрсетілімі, жекпе-жек, қол күрес жарысы, серілік сайысы, аула ойындарының фестивалі өткізіледі.

Сондай-ақ Тәуелсіздік стеласы алаңында да бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Бұл мерекеде кішкентай бүлдіршіндерде назардан тыс қалмапты. Оларға арнап облыстық балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы “Туған күніңмен, Астанам” атты концерттік бағдарлама ұсынбақ. Сонымен қатар флористер үшінде “Астана төңірегінде” атты фестиваль өтеді. Ал кешке, яғни сағат 19-00-де “Астана менің жүрегімде” екі жұлдыз бағдарламасы теріскейліктерді қуантпақ.

Алтынай Сыздықова – Петропавл қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

– “Солтүстік жұлдызы” саябағында сағат 13-00-де волейбол мен шағын футболдан жарыс өтеді. Ал 15-00-де жастарға арналған әр түрлі бояуды пайдалану арқылы сурет салу фестивалі ұйымдастырылады. 20-00-де 23-00-ге дейін қалалық өнер ұжымдарының және Көкшетау қаласының “Джарайд” ансамблінің қатысуымен концерттік бағдарлама өз жалғасын табады.

Мереке соңында сағат 23:00-де “Солтүстік жұлдызы саябағында” қала жұртшылығы мен қонақтары мерекелік от шашуды тамашалай алады.

 

 

Риат Шони.