Бизнес және экономика

Петропавлда “AsiaCredit Bank” филиалы ашылды

Ерлан Әукенов- СҚО әкімінің орынбасары

– Бұл ең алдымен біздің өңіріміздің экономикасын алға бастыруда тағы бір қадам болмақ. Бұрын біздің бизнесмендер Алматы, Астана қалаларына барып, осы банкпен жұмыс істесе, енді олар өзіміздің өңірде қызмет атқаратын болады. Банк жұмысына сәттілік тілеймін. Бизнесмендердің дамуына жаңа серпін береді деген ойдамын.

Азия кредит банкінің еліміздегі абыройы жоғары. Әсіресе, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуде алдына жан салмайды. Өзінің 22 жылдық тарихында мыңдаған қазақстандық кәсіпкерді аяқтандырды.

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ директоры

– Банктің даму қарқыны жақсы. Осы уақыт аралығында өзін сенімді қаржы институты ретінде көрсетті.

Санат Әбенов- “AsiaCredit Bank” АҚ атқарушы директоры

– Біз әмбебап банкпыз. Корпоративтік сектормен жұмыс жасаймыз. Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті қолдауға басым бағыт беріп отырмыз. Біз ипотекалық қызметтерді көрсетуде алғашқы банк болып табыламыз. Бұл жұмысты әрі қарай жалғастыратын боламыз.

Кейін салтанатты түрде қаржы институты кеңсесінің таспасы кесілді. Кейін кеңсені аралаған меймандар қаржыгерлердің клиенттерге ұсынатын қызметтерімен таныс болды. Мұнда тұтынушыларға барлық жағдайлар жасалған.

Мейіз Әлтекова- «AsiaCredit Bank» АҚ Петропавл қалалық филиалының бас маманы

– Депозиттер, кредиттер берудегі шарттырамыз қолайлы. Клиенттерге жақсы қызмет көрсетуге тырысамыз.

Бұл банктің еліміз бойынша ашылып отырған 10-шы филиадлы. Сондықтан петропавлдықтар қаржы институттарының өңірге келуі жақсылықтың нышаны дейді. Олар жаңа қызметіне кірісіп жатқан банк филиалының өңір экономикасының дамуына серпін беретініне сенімді.

Қанат Дүйсенбаев- «Белион» ЖШС директоры, банк клиенті

– Қазір дағдарысқа қатысты көптеген банктер қиындықтарға тап болуда. Ал бұл банк дамып келе жатыр. Сондықтан бірнеше жылдан бері осы банкпен жұмыс жасап келемін.

Банкте есеп-кассалық, түрлі қаржыландыру, қашықтан қызмет көрсету жүйесі енгізілген. Сондай-ақ, мұнда жылдам әрі сапалы несиелендірудің барлық түрі, ақша аударымдары, айырбас операциялары, жедел салымдар жасауға болады.

 

Магжан Ахмадина.