МТРА жаңалықтары

Петропавлда Астана күніне арналған “Осында барлық елдің жүрегі” атты көрме ашылды

Елена Филкова – И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың аға кітапханашысы

– Жайғастырылған әдебиеттер елордамыздың әсемдігін сипаттайды. Сонымен қатар оның өткені мен болашағы да жазылған. Мысалы Астана деген журналда 2017-ші жылы орын алатын тарихи оқиға ЭКСПО халықаралық көрмесі жайлы айтылған. Жалпы мұнда 20-ға жуық туынды жайғастырылған.

Жалпы И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана қорында бүгінде 50 мыңға жуық кітап бар. Күніне мұнда 40-тан астам оқырман келеді. Олардың барлығы ашылған көрме Астана жайлы мол мағлұмат алуға септеседі деседі.

Марина Костарева

– Ең біріншіден көрме арқылы біз елордамыз жайлы жаңа ақпараттар аламыз. Мен өзім Астанада болып көрмегенмін. Бірақ осы көрме арқылы ондағы жаңашылдықтармен таныса алдым.

Елизавета Ахманова

– Бұл көрмені тамашалап мен Астанамен жіті таныстым. Біздің еліміздің осындай ғажап елордасы бар екеніне мен қуаныштымын.

Астана күніне арналған көрме шілденің 7-не дейін жалғасады.

 

Магжан Ахмадина.