Ауыл шаруашылығы

СҚО-да Астанан күніне орай ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Сауда шатырлары Қазақстан Конституциясы мен Бөкетов көшесіне дейін орналастырылады. Жәрмеңкеде сиыр, қой, шошқа, құс еті, сүт, балық өнімдері мен көкөніс базар бағасына қарағанда 10-20 пайызға арзанға сатылады. Жалпы, бұл күні өңіріміздің 13 ауданы және “Алекри”, “Атай СК” сынды Петропавл құс фабрикалары мен сүт өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардан 100 тоннадан астам өнім түрлерін саудаға шығару көзделген.
Жәрмеңке таңғы сағат 8 жарымда басталып, түскі бірге дейін жалғасады. Сондай-ақ, онда қымыз фестивалі ұйымдастырылмақ. Өңір аудандарының еңбеккерлері жұртшылыққа ұлттық сусынның бірнеше түрін ұсынады.