Қылмыс

Петропавлда парақорларға қатысты сот үкімі шықты

Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекетттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызметке тұру құқығынан айрылды. Сот барысында айыптының кінәсі дәлелденді. Ол жерге орналастыру жобаларын жедел қарастырып, бекіту үшін 45 мың теңге алған.
Оған қоса, параны беруші Анатолий Поплавский де жауапқа тартылды. Бұл азамат “Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы” республикалық мемлекеттік кәсіпорнының солтүстікқазақстандық филиалы Петропавл қалалық бөлімшесінің басшысы болған. Оған параның қырық есе көлемінде, яғни 1 млн 400 мың теңге шамасында айыппұл тағайындалды. Сондай-ақ, Анатолий Поплавский бұл әрекеті үшін енді мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айрылды.

 

 

Данаш Хамзина.