Қылмыс

Петропавлда есірткі сатушылар құрықталды

Әлия Ешпенова, СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының инспекторы

 

– Ұсталған қала тұрғынынан 1200 грамм наша, 2000 грамм марихуана және есірткіден түскен ақша тәркіленді. Ол ұнтақты үйінің жер төлесінде сақтаған.

Бұл наркодиллерлер құрған жоспардың басы ғана еді. Ұсталған адам марихуананы делдал арқылы өзге петропавлдықтан алып отырған. Іске қатысы бар үшеуі бүгінде құрықталды.

Әлия Ешпенова, СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының инспекторы

– Үшеуі де Петропавл қаласының тұрғыны. Бұрындары сотталмаған, наркологиялық орталықта да есепте жоқ. Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда екеуі уақытша ұстау абақтысына қамалды. Үшіншісі, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Жалпы жыл басынан облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 10 келіден астам есірткі заттарын тәркілеген.

Берик Касен.