Балалар

“Достық” сауықтыру лагерінде 240 бала демалуда

Бейнегүл Оралбаева – Достық сауықтыру лагерінің басшысы

– Күнделікті бізде 8 үйірме балалар үшін жұмыс істейді. Әрбір үйірме денсаулықты жақсарту үшін өтеді.

Таңның атысы, күннің батысы балалардың қолдары босамайды. Күнделікті күн тәртібінде ойындар мен сауығудан бөлек олардың бойына жақсы қасиеттерді дарыту, ұқыптылыққа баулу да қарастырылған.

Жанна Қабылқайырова – демалушы

– Біз күнде таңертен бөлмелерімізді жинаймыз. Содан соң асханаға барамыз. Бізге тәтті тамақтар береді.

Демалыс орнында биыл үйірмелер саны артқан. Сауығушылар спорттық, музыкалық, психологиялық және тағы да басқа бағыттар бойынша өздеріне жақын ермек түрін таба алады.


– “Достық” сауықтыру лагерінде балаларға спорттық ойындардан басқа құқық қорғау қызметкерлерімен дәріс сабақтары өткізіледі. Таза ауа астында демалушыларға тәртіп ережелері айтылады.

Мына жерде заң қызметкері балалардың түрлі сұрақтарына жауап беруде. Балғындарға ұрлық жасау, түнгі уақытта жүрудің арты неге соқтыратыны айтылды. Өйткені, тәртіп бұзған әр жеткіншекке қатысты тиісті шаралар қолданылады. Ал мына демалушылар дөңгелек үстелге қатысуда. Балғындар тәрбиешілері мен қонақтарға өз ойын ашық айта алады. Демалысын тиімді өткізіп жатқандардың арасында Рустам Аубакиров та бар. Ол биыл 9-сыныпты аяқтады. Жаз басталысымен Рустам аздап тынығып алуды көздеген.

Рустам Аубакиров – демалушы

 

– Мен достық лагеріне екінші рет келіп тұрмын. Маған қатты ұнап жатыр. Біз мұнда футбол, волейбол ойнаймыз.

Жалпы “Достық” сауықтыру лагеріндегі демалыс тамыздың 18-не дейін жалғасады. Келесі демалушылар тобы лагерге шілденің 10-ы келеді деп күтілуде.

Култанов Байболат.