МТРА жаңалықтары

«Өз бизнесіңді ашатын уақыт» атты семнар өтті

Рустам Қаржасов- «Қаржасов» ЖК жетекшісі

– Мұндай кездесулер пайдалы. Өзім кәсіпті жарты жыл бұрын аштым. Сұранысқа ие. Компьютерлік қызмет көрсету саласы ауданда бәсекелестік аз.

Жыл басталғалы бері «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 80 кәсіпкердің өтініші мақұлданыпты. Бүгіндері кәсіпкерлерді қолдау үшін мемлекет тарапынан жақсы жағдайлар жасалуда. Бұл салада қиындыққа тап болған бизнес өкілдеріне кәсіпкерлер палатасы да зор қолдау көрсетеді. Қазіргі таңда облысымыздың барлық аудандарында осындай орталықтар ашылып, жақсы жұмыс атқарып келеді.

Тұрар Ысқақов- СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры
– Біздің жұмысымыз келесі салаларда жүргізіліп жатыр. Ол әкімшілік барьерлер, кәсіпкерлерді қолдау, несиелеу туралы консультацияларды береміз. Орталықтар да кәсіпкерлерге жақсы қолдау көрсетеді.

Бизнесмендерде туындаған проблемаларды шешуге прокуратура органдары да білек сыбана кіріскен.

Марат Әжібаев- СҚО прокуратурасының 1-ші басқармасының аға прокуроры

 

– Жыл басынан бері бізге кәсіпкерлерден түрлі сауалдар бойынша 26 өтініш келіп түсті. Олардың 12 -сін қабылдап, тексеріс жұмыстарын жүргіздік. Кінәлі адамдар жазаланды. Олардың көбі мемлекеттік қызметтерді алуға қатысты болды.

Жиын аяқталды. Бірақ кәсіпкерлер тарқасуға асықпады. Олардың көпшілігі далада тігілген палаткаларға кіріп, мамандармен тілдесті. Мұнда өңіріміздің қаржы институттары, мемлекеттік органдар өкілдері, бизнесмендер сауалдарына жауап қайтарып, оларды толғандырып жүрген проблемалар бойынша кеңестерін берді.