МТРА жаңалықтары

Тұрғындар заңдық көмек алды

Тұрсын Қабдолин- Бексейіт ауылының тұрғыны, Мамлют ауданы.

-Ауылды жылда су басады. Қазіргі күннің өзінде жаңбыр мен қар суы ешқайда кетпей тұр.

Бұл сауалды мұндағылар бақылауға алатындығын жеткізді. Жалпы мұндай кездесулер тұрғындарға кеңес беріп, заң саласында орын алған мәселелерін шешуге көмектеседі.

Гүлнар Қожахметова- СҚО әділет департаменті басшысының орынбасары.

-Біз мұндай кездесулерде көбіне заңнамада орын алған өзгерістер мен жаңашылдықтар жайлы айтамыз. Қараша айында бізге сот орындаушылары қосылғаны белгілі. Қазір көп сауалдар соған қатысты түсіп жатыр.

Жиын соңында әділет департаментінің мамандары жыл басынан атқарған жұмыстары жайлы баяндама жасады. Үстіміздегі жылы алименттерді өндіріп алу бөліміне 3404 іс түскен. Соның 277 бүгінгі күні орындалыпты. Бірақ әлі күнге дейін көкек ата-аналардың қарызы 20 млн теңгеден асып жығылады.

 

Магжан Ахмадина