МТРА жаңалықтары

26 Маусым – халықаралық нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымымен күрес күні

Елена Смагина – облыстық наркологиялық орталықтың дәрігер-наркологы.

-Қазіргі таңда облыстық наркологиялық орталықта 762 нашақор тіркеуде тұр. Ағымдағы жылы өңірде есірткіге тәуелді азаматтардың саны біршама артқан. Мысалы, былтыр 74 адам тіркелсе, биыл олардың саны 94.

26-шы маусым – нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымымен күрестің халықаралық күніне орай облыстық наркологиялық орталық мамандары бірқатар іс-шараларды өткізбекші. Мәселен, қала көшелерінде Жастардың «Біз нашаға қарсымыз», «Нашақорлық – адамзаттың жауы» сынды плакаттарды алып жүруі жыл сайынғы дәстүрге айналған.

Елена Смагина- Облыстық наркологиялық орталықтың дәрігер- наркологі.

 

-Облыстық наркологиялық орталық нашақорлыққа жол бермеу бағытындағы түрлі шараларға белсене қатысады. Мәселен маусымның 26-сы күні жастардың «Біз өмірді таңдаймыз» атты конкурсы өтеді. Қалалық әкімдіктің алдында өтетін жиынға еріктілерді шақырамыз, көбіне бұл шараларға жастарды еліктіргіміз келеді. Себебі нашақорлыққа 18-30 жас аралығындағы азаматтардың әуестігі мол.

Жалпы бүгіндері облыстық наркологиялық орталықта есепте тұрғандардың 23-і кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер.

Акбопе Танирберген.