МТРА жаңалықтары

Жыл басынан облыс бойынша 16 адам суға батып кеткен

Жағайжайға жиі келіп тұрамыз. Жүзуді де осында үйрендім. Ыстық күндері демалатын ең жақсы орын осы жер.
– Маған суда шомылған ұнайды. Бірақ, кей-кезде өзеннің ағысы қатты болған жағдайда суға түспеймін. Өйткені, қорқыныш болады.

Алайда қара құрым халықтың көпшілігі осы сияқты қарапайым суға түсу ережесін ескермейді. Бірі белгіленбеген жерде шомылса, енді бірі алкогольдік ішімдікке тойып алып суға кіреді. Сол себепті Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жағажайға жиналушыларға ескерту қағаздарын таратуда.

Мына ескертпе жадынамада суға түсу ережесі жазылған. Мұқият оқып барып, суға шомылғаныңыз абзал. Өзіңізді және жаныңыздағы адамдарды суға бату қауіпінен сақтаңыз!

Жалпы жыл басынан өңір бойынша 16 адам суға шомыламыз деп мерт болған. Қайғылы оқиғалардың көпшілігі осы жазғытұрым орын алған екен. Өткен аптаның өзінде 5 адам шомылу кезінде жан тапсырса, осы жұмада 1 адам суда көз жұмған.

Сергей Черкасов – СҚО ТЖД суда құтқару қызметі №2 разрятты құтқару станциясының басшы-құтқарушысы.

-Біз күн сайын шомылушыларды қадағалау рейдтарын өткіземіз. Шомылу мамсымы ашылғалы бері 41 адамды суға бату қауіпінен арашалап қалдық. Алайда, суға түсушілер белгіленген тәртіпке көндейді. Соның нәтежиесінде осы аптада 13 жастағы қыз бала батып кетті. Ол 20-сыншы ықшам ауданда белгіленбеген жерге шомылған. Сондықтан, жағажайға келушілерге айтарымыз суға түсу кезінде мұқият болыңыздар.

Құтқарушылар мұндай рейдтік шараларды үнемі өткізіп тұрады. Десе де, сақтық шараларын тұрғындардың өздері де ұмытпағаны абзал.

 

 

Стажер.