МТРА жаңалықтары

СҚО іскер әйелдер қауымдастығы семинар өткізді

Осы орайда бүгінгі семинарда солтүстiкқазақстандық қыз-келiншектерге бизнеспен айналысудың қыр-сыры түсіндіріліп, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін жеңілдіктер туралы айтылды.

Бақытжан Сәмиева – СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы.

– Бүгінгі мәжіліске әйел азаматтарды жинадық. Оларға үкімет қандай көмек көрсетіп жатыр соны айтамыз. Сосын өздерінің ойын тыңдаймыз. Әйел кәсіпкерлерге айтарым, біздің үкімет бізге барлық жағдай жасап отыр. Жұмыс жаса, бизнес аш. 3 пайыздық, 4 пайыздық, 6 пайыздық субсидиялар, жол картасы бағдарламасы бар. Мұндай көмек біздің елде ғана көрсетіліп жатыр.

Семинарға осыдан бір жыл бұрын өзінің жеке кәсібін бастаған Әсемгүл Какпенова да келген. Көшірмелеу орталығын ашқан ол ендігі кезекте өзін бизнестің басқа саласында сынап көрмек.

Әсемгүл Какпенова – Жеке кәсіпкер.

-Мен “Даму” жас кәспкерлер мектебінде оқыдым. Одан кейін Астана қаласында да білімімді шыңдап қайттым. Өз кәсібімді бастағаныма бір жыл болды. Компьютерге жақын болған соң, көшірмелеу орталығынан бастадым. Енді кәсібімді басқа салаға бұрсам деймін. Сол себепті Даму қорының көмегіне жүгіндім.

Елiмiздегi шағын және орта бизнеске көрсетiлiп жатқан жеңiлдiктер жайын білуге облысымыздың аудандарынан да нәзік жанды арулар келіпті. Барлығы бұл семинарға 40-қа жуық іскер әйел жиналды.

 

Айгерим Ержанова.