Спорт

Жанар Оңдасова, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің “Допингке қарсы ұлттық орталық” РММ жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қаласы.

-Бүкіләлемдік допингке қарсы ұйымы допингке қарсы халықаралық стандарттар мен кодекстерге бірқатар өзгерістер енгізді. Біз соны тыңдаушыларға жеткізудеміз. Аталмыш құжатты негізге ала отырып, онымен бүгінде спорт федерациялары, спорт ұйымдары және допингке қарсы ұйымдар жұмыс істейді.

Допингтің құрамында адамның ағзасына күш беретін препараттар бар. Оларды жарыста пайдалануға тиым салынады. Соның бірқатары осы жиында бапкерлерге таныстырылды. Спортшы дәрілерді қолданған жағдайда сайыстан қуылады. Сондай-ақ допингке қарсы бақылау кодексіндегі өзгеріске сәйкес, оның бапкерін де жарыстан шеттету қарастырылған. Тіпті ол өмір бойы жаттықтырушы болу құқығынан айырылады.

Александр Ильясов, Павлодар облысы құрамасының велоспорттан жаттықтырушысы.

-Допингке қарсы заңнамаға енген өзгерістердің ойға қонымды және ақылға сыйымсыз тұстары баршылық. Мысалы, спортшы ауырыңқырап қалса, ол жайында ұйымдастырушыларға бір ай бұрын хабарлап, өтініш жазуы керек екен. Негізі мұндай дәрістің спортшыларға жиі өтіп тұру дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, олар ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін біліп жүретін болады.

Алда қазақстандық спортшыларды үлкен жарыстар күтіп тұр. Велоспорттан ҚР чемпионаты биыл теріскей жерінде өтуде.

Берик Касен.