МТРА жаңалықтары

Солтүстік Қазақстан облысында 3 мыңнан аста борышкер бар

Алайда мойнында қарызы бар тұрғын үйінде болмай шықты. Бұл – жағдайда заң қызметкерлері түсіндірме хат жазып, алиментшінің көршілеріне қалдыруға мәжбүр болды.
Келесі мекенжай – Ярослав Гашек көшесінде орналасқан 18-ші “а” үйі. Бұл баспанада болса, екі баласы үшін 250 мың 518 теңге берешегі бар ер азамат тұрады.

Андрей Сизоненко 2013 жылдан бері алементшілер тізімінде тұр. Ол қарызды уақытында төлей алмауымның себебі жұмыссызбын,- дейді.

Андрей Сизоненко – борышкер

– Бұрын дәнекерлеуші болып жұмыс істегем, қазір жұмыс жоқ. Күнделікті азық-түлігім үшін жүк тасып ақша табамын. Қарызымды көп уақытқа созбай қайтарамын.

Борышкердің берешегі уақытылы қайтаралмағандықтан, сот орындаушылары үйдегі бағалы заттарды тәркілеуге міндетті. 10 күн ішінде тиісті сомма төленбеген жағдайда үйдегі телевизор, ноутбук тағы да басқа заттар мемлекеттің қарамағына өтпек.

Сабина Кенжетаева – СҚО әділет департаменті алимент төлемдерін өндіріп алу жөніндегі бөлімнің сот орындаушысы

– Бүгінгідей рейдтердің басты мақсаты – алимент төлеумей жүрген тұлғаларды тауып, олардың қарыздары барын түсіндіру. Тиісті аударылымдар жасалмаса, борышкердің мүлкін тәркіленіп, істің сотқа жіберілетінін айтамыз. Тәркіленген заттар облыстық әділет департаментінің алимент төлемдерін өндіріп алу бөлімінің сайты бойынша сатуға қойылатын болады.

Жыл басынан, СҚО Әділет департаментінің алимент төлемдерін өндіріп алу жөніндегі бөлімде 3404 борышкер тіркеліпті. Олардың 68-і әкімшілік жазаға тартылған. Петропавл қаласы бойынша алимент төлеуші ата-аналардың жалпы қарызы 20 милион теңгеден асады.

 

Стажер