МТРА жаңалықтары

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары алдын-алу шараларын өткізді

 

 

Төтенша жағдайлар департаментінің мамандары балғындарға судағы сақтық шараларын түсіндіріп, өрт қауіпсіздігі ережелерін ұмытпау керектігін айтты. Сабақ ашық аспан астында, таза ауада өтті. Балаларға құтқарушылардың водолаздық киімдері, аквалангтары, су астында жүзуге арналған бетперделері және тағы да басқа заттары көрсетілді. Жасөспірімдер водолаздардың айтқанын қызығушылықпен тыңдап, құрал-жабдықтарын тамашалады. Сондай-ақ сабаққа №2 өртке қарсы мамандандырылған бөлімшенің қызметкерлері қатысты. Олар балаларға қолданыстағы техника жайлы түсіндірді. Ниет еткендер өрт сөндіру машинасынаң кабинасына отыра алды. 

Стажер.