МТРА жаңалықтары

Петропавлда көшелерге жөндеу жасалуда

Ғали Әбдірәшов – Петропавл қалалық ТҮКШ жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнің меңгерушісі

– Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап мемлекеттік сатып алу бойынша “Петробилдинг” ЖШС-мен келісімге отырдық. Енді олар қала көшелеріне қиыршық тастар төсеп жатыр. Бүгінгі таңда №40 және №44 автобус бағытындағы Лазутина көшесінде жұмыстар атқарылуда.

Сондай-ақ, “Береке” ықшам ауданына қатанайтын автобустардың саны артты. Жаңадан аялдама қосылды. Осылайша шеткері ауданда орналасқан жерлестеріміз қаланың әрбір жеріне еш қиындықсыз жете алатын болды.

Дулат Шарапиденов – Петропавл қалалық ТҮКШ жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары, жолаушылар секторы бөлімінің меңгерушсі

– Есептік кездесулерде “Береке” ықшам ауданы бойынша тұрғындардың жолаушы тасымалы мәселесі көтерілді. Ол жерде ең басты автобус жүргізушілеріне қойылатын міндет, санитарлық жағдайды дұрыстау. Аталған талап орын алмаған жағдайда, көлік тасымалға шықпайды. Және тағы бір мәселе, автобус жүргізушілерінің киімі болатын. Бүгінгі күні аталған мәселе өз жауабын тауып, автобус жүргізушілері 97 пайыз біріңғай киіммен қамтылды.

Береке кентінің тұрғындары өзгерісті қуана қабылдап жатыр.

– Бұрын көшелерде жүру қиын болатын. Қазір автобус бағыттары ашылды.

– Жаңадан үйлер салынып жатыр. Жанымызда мектеп те бар.

Көркейту жұмыстары “Жұмысшы кентінде” де жалғасуда. Тұрғындар жаңбыр жауғанда және көктем айларында қар суынан жүре алмайтын. Бүгіндері мәселе шешімін тауып көшелер қалыпқа келе бастады. Айта кеткен жөн, “Жұмысшы кенті” бойынша да жаңа автобус бағыттары ашыла бастады.

Дулат Шарапиденов – Петропавл қалалық ТҮКШ жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары, жолаушылар секторы бөлімінің меңгерушсі

– Есептік кездесуде сондай-ақ төртінші және он тоғызыншы автобус бағыттары өзгертілді. Ал, № 4м автобусы “Жұмысшы кенті” мен Береке” ықшам ауданы аралығында таңертен және кешке жүреді.

Сонымен қатар, “Береке” ықшам ауданында автобустардың соңғы тоқтау орыны салынбақ. Ол жұмыстар 5 Сенная және Досмұхамбетов көшелерінің қиылысында атқарылады. Ал, Ухабов көшесінде заманауи дизайнмен жасалған аялдама тұрғызылмақ.

 

Стажер.