Спорт

Юрий Захаров пауэрлифтингтен Еуропа чемпионы атанды

Аталмыш дүбірлі дорда маусымның 8-і мен13-і аралығында Латвияның Рига қаласында өткен болатын. Онда 32 мемлекеттің 500-ден аса спортшысы қатысқан. Ал еліміздің намысын 6 бірдей пауэрлифтерші қорғаған. Олардың сапында 125 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз Юрий Захаров та бар. Теріскейлік спортшы жарыста жалпы 815 келіні көтеріп, израил мен ресейлік қарсыластарын артта қалдырған. Сонымен қатар жерлесіміз отырып тұруда 303 келіні көтеріп, әлемдік рекордты жаңартты. Жалпы қазақстандық спортшылар жарыста 6 алтын, 4 күміс пен 2 қола медальды жеңіп алған деп хабарлайды СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

 

Риат Шони.