МТРА жаңалықтары

“Петропавл арақ шарап зауыты” ЖШС-нің құрылтайшысы ауысты

Сергей Клямер, СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы

– Кәсіпорын жұмыс істеп тұрғанда жергілікті қазынаға жылына 1 млрд. теңгеден астам салық түріндегі кіріс түсіп тұрған. Қазір “Петропавл арақ шарап зауытының құрылтайшысы ауысты. Енді алда оның ісі өрге домалап, жергілікті қазынаға аталмыш зауыттан бұрынғыдай қомақты кіріс түседі деген үміттеміз.

Сөйтіп, бүгінде “Петропавл арақ-шарап зауыты” ЖШС-гінің ресми атауы өзгертілді. Осы күні аталмыш кәсіпорында ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Қазір мұнда 400-ге тарта адам еңбек етеді. Айта кетейік, 80 пайызының бұрынғы жұмыс орындары сақталыпты.

Сергей Клямер, СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы

– Зауыт директорының айтуынша, қазір зауытта 4 құю желісі істеп тұр. Нәтижесінде онда 80 аталымдағы жоғары сапалы тауар түрі әзірленбекші. Мұндағы өнім бұрынғы әдіспен дайындалады. Және оған ешқандай шектеу қойылмайды. Басты талап өнімнің сапасында.

“Петропавл арақ зауыты БН” ЖШС-гінің базасында құрылған кәсіпорын келешекте толық қуатына көшкенде, жергілікті қазынаға 2 млрд. теңгенің кірісі түседі деп болжануда.

Берик Касен.