МТРА жаңалықтары

Петропавлда облыстық “қауіпсіз дөңгелек” жарысы өтті

Жас инспекторлар жолда жүру ережелерін қатаң сақтайды. Дегенмен, аға буын өкілдері оларға бұл шараның адам өмірінде қаншалықты маңызды екендігін түсіндірді.

Сайлаубек Мусин – СҚО әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі

– Жас жол инспекторы болу – маңызды міндет. Өйткені сіздер де қалың жұртшылықты жол жүру кезіндегі ережелерді сақтауға шақырасыздар. Өкінішке орай, соңғы кездері балалардың жол бойында жарақаттануы көбейіп кетті. Бес айдың ішінде жеткіншектердің қатысуымен облысымызда 13 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Нәтижесінде 13 бала жарақат алып, біреуі қаза тапқан. Бүгінгі жарыста сәттілік тілеймін.

Әр команда 10 адамнан құралған. 5 қыз, 5 ұл бала. Талшық орта мектебінен келген Илья Кузьмин “Жас ұлан” командасының жеңетініне сенімді. Өйткені ол аталмыш топтың капитаны. Дайындықтарымыз да жақсы, – дейді ол.

Илья Кузьмин – сайысқа қатысушы, Ақжар ауданы

– Біздің командамыз көп дайындалды. Біз аудандық жарыста жеңдік, енді Петропавл қаласына келдік. Біз жеңіске жететінімізді білеміз.

Полина Сенягина бастаған мына қыз-жігіттер жарыстың бірінші кезеңіне кірісіп те кетті. Сайысқа арнайы тіктірген киімдері, жаттаған ұран, тіпті куәліктері де бар. Команда мүшелері топбасшының әр айтқан сөзін тыңдап, берген нұсқауларын орындауда.

Ал мына жерде жас инспекторлар полиция қызметкерлеріне көшедегі қозғалысты реттеушінің әр қиымылын көрсетуде. Комиссия мүшелері де оларды сұрақ астына алуда. Балалар осындай жарыстың 10 түрінен сыналады. Жеңіске жеткен командалар кубок, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

 

Айгерим Ержанова.