МТРА жаңалықтары

Жүргізушілер айыппұлды Е-gоv порталы арқылы өтей алады

Бұл қызмет түрі ақылы. Қаржы институттары өтелетін айыппұлдың мөлшеріне қарап 100 ден 400 теңгеге дейін комиссия алады. Сіз онлайын тәртіпте қарызды қалай төлеу керектігін білмесеңіз, ХҚКО-ның қызметкерлеріне жүгініңіз.

Дана Аскерова, “ХҚКО” РМК СҚО бойынша филиалы Петропавл қаласы №2 бөлімінің инспекторы.

-Жол қозғалыс ережелерін бұзған жүргізуші айппұлының мөлшерін жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты-жөнін енгізу арқылы біле алады.

Бұл қызмет түрі ҚР барлық аймақ тұрғындарына қолжетімді. Оның бір артықшылығы, жүргізуші айыппұлын жинақ кассасында төлеп, түбіртектің көшірмесін бұрынғыдай ӘПБасқармасына апарып уақытын жоғалтпайды.

Дана Аскерова, “ХҚКО” РМК СҚО бойынша филиалы Петропавл қаласы №2 бөлімінің инспекторы.

-Жүргізуші қарызын өтеген соң, ол туралы мәліметтер автоматты түрде ортақ базаға енгізіледі. Оны жол сақшылары көре алады. Осылайша біз осы қызметті бір жүйге келтірдік.

40 жылдықтәжірибесі бар жүргізуші Рашид Сафиуллин үнемі жаңалыққа сергектікпен қарайды. Ол ХҚКО-на осы қызмет түрі бойынша кеңес алу үшін келді.

Рашид Сафиуллин, жүргізуші.

-Бұл қызмет түрінің артықшылығы бар. Жүргізушілер уақытын үнемдейді. Бұрынғыдай жинақ кассасында кезек күтіп тұрмайсың. Түбіртектің көшірмесін әкімшілік полиция басқармасына апарып жатудың қажеті жоқ. Айыппұлыңды төлем карточкасы арқылы төлесең, қарызың санаулы минуттың ішінде жабылады.

Айыппұлды онлайн төлемдер арқылы өтеу қызметі ХҚКОрталықтарында жыл басынан іске асуда. Сол уақыттан бері аталмыш қызмет түрі арқылы петропавлдық жүргізушілерден 1,5 млн. теңгенің айыппұлы өндіріліп алынды.

 

 

Берик Касен.