Спорт

Теріскейлік спортшылардың асығы алшысынан түсті

Ойынның 38-ші минутында шабуылшы Давити Чагелешвили сол жақ қапталдан теміртаулықтардың қақпасына жойқын соққы бағыттап, өзінің маусымдағы 5-ші голын соқты. Енді теріскейліктер 20 ұпаймен кестеде екінші орынға тұрақтады. Жерлестеріміздің келесі ойыны 27-ші маусым күні Қарасай стадионында Екібастұз құрамасымен өтеді.

Сондай-ақ, солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Швейцарияда өтіп жатқан жарыстың 8-ші турында мәре сызығын бірінші болып кесті. Аталмыш додада әлемнің мықты деген 180 спортшысы бақ сынасуда. Жерлесіміз 152 шақырым жерді, 3 сағат 28 минут уақытта бағындырып алтынанн алқа тағынды.