Спорт

СҚО жастар арасында грек-рим күресінен ҚР чемпионаты өтті

Сондықтан бапкерлер олардың болашағынан үлкен үміт күтеді. Мына сап түзеген спортшылардың кейбірі ел көлеміндегі ірі жарыстарға қатысып, біраз тәжірибе жинақтаған. Десе де бұл сында бақ пен бақ қатар шаппақ.

Медет Рахатов, палуан, ШҚО.

-Грек-рим күресімен 6 жыл шұғылданып келемін. ҚР чемпионаттарына 3-4 рет қатыстым. Бірақ біреуінде ғана 3-ші орынға қол жеткіздім. Осы турнирде бабым мен бағым қатар шабады деген үміттемін.

Палуандар 2 күн бойы 8 салмақ дәрежесінде алтын, күміс және қола медальді сарапқа салды. Нәтижесінде 8 жастағы жерлесіміз Аманғали Бекболат 5 аймақтың мықты күрескерлдерімен күш сынасып, барлығын айқын басымдықпен жеңіп, 50 келі салмақ дәрежесінде алтынға қол жеткізді.

Аманғали Бекболат енді тамыз айында Бразилияда өтетін әлем чемпиоантында ел намысын қорғамақ.

Аманғали Бекболат, грек-рим күресінен ҚР спорт шебері, СҚО.

-Қарсыластарыммен белдесу оңай болған жоқ. Сонда да намысқа тырысып, барлығын жеңдім. Мен анамның, бапкерлерімнің сенімін ақтағаныма қуаныштымын.

Бұл турнирде тағы 7 палуан өз салмақ дәрежесінде ҚР чемпионы атанды.

Мейрам Хамзин, грек-рим күресінен СҚО бас жаттықтырушысы.

-Барлығы 200 14 облыс, Астана мен Алматыдан жиналды. Мықтыларды 2 күн бойы 8 салмақ дәрежесінде анықтадық. Нәтиже жаман емес, спортшылардың шеберлігі шыңдалып келеді.

 

 

Берик Касен.