МТРА жаңалықтары

СҚО прокуратурасының кезекті алқа мәжілісі өтті

Раушан Қожахметова – СҚО прокурорының аға көмекшісі

– Сондай-ақ, Есіл ауданының “Петровский” аграрлық-техикалық білім ошағында 5 бірдей қыздың аяғы ауыр және де бірнешеуі венерологиялық ауруға шалдыққан. Ал оларды медициналық қызметкерлер тексермеген.

Күн тәртібінде талқыланған келесі мәселе – 2013-2015 жылдары жер қойнауы саласындағы заңнаманың пайдаланылуы болды. Тексеріс нәтижесінде мұнда да бірқатар былықтардың беті ашылған.

Вячеслав Банковский – СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры

– Атап айтсақ, келісім шарт жасау бойынша қызмет көрсету тәртіптері сақтамағаны анықталды. 9 келісімшарт жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану заңына қайшы келеді. Яғни, тиісті байқаулар жарияланбаған. Сонымен қатар, 2010-шы жылдан бастап ауылшаруашылығы саласына келетін шығын өтелмеген. Ал олардың барлығы келісім шарттарда көрсетілгін. Бүгінгі күні 11 жер қойнауын пайдаланушы жалпы сомасы 57 млн. теңге шығынды өтемеген.

Тексеріс нәтижесі бойынша бірқатар мемлекеттік органдарға орын алған заңбұзушылықтарды ретке келтіру тапсырылды. Алқалы жиын соңында өңіріміздің жануарлар әлемін пайдалану жайы сөз қозғалды. Яғни, жабайы аңдарды қорғауға жауапты мекемелердің жұмысында олқылықтар орын алыпты. Салдарынан, даланы мекендейтіндердің саны азаюда. Оған браконьерлік, тілсіз жау – от себепкер болуда. Бұл бағытта прокурорлық әрекет ету актісі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі облыстық аймақтық инспекциясына жөнелтілмек.

 

Риат Шони.