Құқық қорғау органдары

СҚО Ғ.Мүсірепов ауданында тыңайтқыш ұрланды

Нұрлан Ысқақов, Ғ.Мүсірепов ауданы ІІБ -нің аға тергеушісі

– Оқиға орнын тексеру барысында тіркемесі бар Камаз тоқтатылды. Жүк көлігіне әлгі біз іздеп жүрген селитра мен аммофос тиелген. Нәтижесінде біз 2 камаз затты тәркіледік.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3 тармағы – “ұрлық” фактісі бойынша күдіктілер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Нұрлан Ысқақов, Ғ.Мүсірепов ауданы ІІБ -нің аға тергеушісі

 

– Қазір аталған іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Фактіге қатысы бар екі тарап, яғни механизаторлар мен тыңайтқышты сатып алушы тергеу сұрақтарына жауап беруде.

Алқаптан қолды етілген тыңайтқышты пысықай кәсіпкер Рузаевка селосындағы қоймада сақтапты. Ұрланған дүние бүгінде иелеріне қайтарылды. Осы іске қатысы бар деген үш күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Қалғандары кепілдік арқылы босатылды.

Берик Касен.