МТРА жаңалықтары

Өскелең ұрпақ көне ескерткіштермен жақынырақ танысуда

Ермарал Тұрсынбай, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих, экономика және құқық факультетінің студенті

– Мынау бұрғылау білдегімен ежелгі адамдар тас, сүйек,ағашты тескен. Кейін ол бұйымдарды тұрмыста, аңшылықта пайдаланған.

Бұл маңда табылған жәдігерлердің негізінде оқушылар мен студенттер ерте заманда өмір сүрген адамдардың тұрмыстық затарынан бөлек, киім-кешектер мен зергерлік бұйымдарын жобалап қалыпқа келтіруге көмектесуде.

Салтанат Ибраева, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих, экономика және құқық факультетінің студенті

– Біз қазір неолит және энеолит дәуірінде өмір сүрген әйелдердің киім-кешегін қалыпқа келтіріп жатырмыз. Киімдер теріден тігіліп, ол түрлі тастармен көмкерілген.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ археологиялық оқу-ғылыми орталығының жетекшісі – Анатолий Плешаков көне қонысқа алғаш рет 16 жасында аяқ басыпты. Өткеннен хабары мол археолог жастарға жазғы демалысын осындай жерде өткізу пайдалырақ дейді.

Анатолий Плешаков, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ археологиялық оқу-ғылыми орталығының жетекшісі

– Экспедиция маусымның 8-і басталды. Осы жерде 2 апта бойы тарих факультетінің студенттері тәжірибеден өтіп жүр. Алда бұл жерге Қызылжар, М.Жұмабев аудандарының оқушылары келеді. Біз оларға өз қолымен лашық тұрғызып, от жағуды, тұрмыстық заттарды пайдалануды, далада тамақ әзірлеуді үйретеміз. Кейінгі ұрпақ осы жерден кітап беттерінде кездеспейтін мысты тас, қола дәуіріне қатысты мол мағлұмат алады. Бұл мақсатқа ел қазынасынан арнайы грант бөлініп отыр.

Қызылжар ауданына қарасты Долматово елді-мекеніндегі осы тұрақты тарихшы Анатолий Плешаков 5-ші жыл зерттеп келеді. Жерлесіміз ашық аспан астында мұражай құрмақшы. Онда энеолит, қола дәуірлерінен ақпарат беретін көрнекі құралдар мен жәдігерлер жайғастырылмақшы.

Берик Касен.