Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ауыл шаруашылығын дамыту басты назарда

Владимир Казаркин- «Кутузовское-Алиби» ЖШС директоры, Айыртау ауданы.

– 2 мал шаруашылық нысанын тұрғызу қажет. Биыл олардың әрқайсысына 400 бас төрт түлік енгіземіз.

Ал Аққайың ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне облыс әкімі Ерік Сұлтанов 120 бас ірі қараны биыл және келесі екі жылда зеңгі баба төлін 400-ге жеткізуді жүктеді. Мұндай қадам істі өрге домалатарын білетін шаруалар ұсыныспен келісіп отыр. Олар шошқа шаруашылығын дамытуды да қолға алмақ. Кейін диалог «Алиби» фирмасының Ғ.Мүсірепов ауданында орналасқан өкілдерімен жалғасты. Мұндағылар 500 бас мал алуды көздеп отыр. Бұл жақсы көрсеткіш, оны төмендетпеу қажет деді аймақ жетекшісі. «Содружество- 2» ЖШС «Алиби» фирмасының құрамына кірмейді. Бірақ олардың мал шаруашылығын дамытудағы жоспарларын айтпай кету мүмкін емес. Олар жайлы аудан әкімі Владимир Дудов баяндады.

Владимир Дудов- Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі.

– Шаруашылыққа 27,5 мың гектар жер кіреді. Солардың 22 мыңы егістік жер болса, қалғаны жайылымға бөлінген. Бүгіндері серіктестікте 25 бас мал бар. Қазір олар «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 80 бас төрт түлік алуға құжаттар рәсімдеп жатыр. 3 жыл ішінде мұндағылар 350 бас мал алмақ.

Осы ретте облыс әкімі Ерік Сұлтанов мемлекеттік қолдау шаралары жайлы айтты. Айталық «Ырыс» бағдарламасының шаруаларға берері мол.

Зейнеп Рахымбекова- «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚФ директоры.

-Бұл бағдарлама сүтті бағыттағы мал басын арттыруға септеседі. Асыл тұқымды мал алынады. 11 пайыздық мөлшерлемемен 60 млн теңгеге дейінгі қаражат беріледі. Оның 7 пайызы субсидияланады. Қарыз 84 айға шақталған.

Мұндай бағдарламалар бизнесті дамытуда таптырмас құрал екендігі сөзсіз.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Біз шаруаларға жағдай жасау керекпіз. Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі әріптестерімізге бәсекелестік тудыруға қауқарлы болуымыз шарт. Тағы Армения, Қырғыстанға да есе жібермеу керек. Олардың нарықтарына өтіп, орталық Азияға жету қажет. Осы бағытты ұстанып отырмыз.

Кейін жиын Тайынша, Тимирязев және Шал ақын адуандарының шаруаларымен жалғасты. Соңғысында ағымдағы жылы 1500 бас ірі қара әкелу жоспарланыпты. «Алиби» фирмасының құрамына кіретін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен соң, облыс әкімімен Айыртау ауданының өзге де агроқұрылымдары кездесті. Барлығына қойылған тапсырма ортақ – ол ауыл шаруашылығымен қатар төрт түлікті де көптеп өсіру. Яғни, мал шаруашылығын дамыту. Өйткені мемлекет бұл салаға көп көңіл бөліп отыр. Осы күні өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов Ақжар және Тимирязев ауданының шаруаларымен де жүздесті.

 

Магжан Ахмадина.