Балалар

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерге арналған лагер жұмысын бастап кетті

Галина Калашникова, СҚО жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі.

-Мен бұл лагерге 5 жылдан бері келіп жүрмін. Еш жалыққан емеспін. Бүгінгі концертке де түпкілікті дайындалдық. Мен бүгін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған өлең жолдарын оқимын.

Балғындардың қуаныштарына облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері де ортақтасты. Олар жеткіншектерді алып келген тәттілерімен қуантты.

Наиль Салимов, СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

– Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері аталған интернаттың тәрбиеленушілерімен жиі кездесіп тұрады. Олар өткізген мерекелік шараларға қатысып қуаныштарымен бөлісеміз. Бүгін міне лагерлерінің ашлуына орай ұйымдастырған концерттеріне де шақырып отыр. Осы жылы «20 ізгі іс» акциясы да бастау алған. Акция аясында 3 ай бойы баларға келіп жағдайларын біліп тұрамыз.

Биыл демалушылыр келмес бұрын,«Алтын күз» лагерінде түпкілікті маусым алды жөндеу жұмыстары да жүргізілген. Барлығы да балалардың игілігі үшін дейді аталмыш лагердің директоры Ирина Сухачева.

Ирина Сухачева, «Алтын күз» еңбек пен демалыс лагерінің директоры.

– Балалар мұнда уақыттарын қызықты өткізеді. Олардың тәрбиешілері қаламыздағы Мағжан Жұмабаев атындағы педагогикалық колледждің студенттері. Болашақ мамандар балаларды қызықтыра біледі, сырласып бірге ойын ойнайды. Бассейнге түседі. Мұнда кітапханамыз да бар. Толығымен жөндеу жұмыстары өткізіліп жаңадан жиһаздар әкелінді.

Қазіргі күні жазғы демалыс үйінде 121 тәрбиеленуші уақытын қызықты өткізуде. Олармен 25 мұғалім жұмыс жасайды. Алғашқы маусым үстіміздегі айдың 28-іне аяқталады.

 

 

Акбопе Танирберген.