МТРА жаңалықтары

Жеңістің жетпіс жылдығына күміс тиын

Аталған Ескерткіш Ұлы Жеңістің 30 жылдығына орай 1975 жылы орнатылған. Ал ҰОС Жеңістің 70 жылдығына арналып бұл тарихи нысан бейнеленген тиын 7000 таралыммен шығарылып отыр. Мұндай ерекше дизайнды коллекциянерлер де аса биік талғаммен бағалайтыны анық дейді мамандар.

Ескендір Сүлейменов, СҚФ РММ “ҚР Ұлттық банкі” маманы.

– Бүгінгі күні біздің филиалға жаңа монета келіп түсті. Бұл монета Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы толуына байланысты шығарылған. Монетаның номиналдық құны 500 тг. Ол 925 сынамадағы күмістен жасалынған. Салмағы 24 гр. Сатылым бағасы 9 мың.

Күміс тиынның келесі бетіндегі 1945 және 2015 деген жазуды да көзіңіз шалады. 70 жылдыққа тарту ретінде шығаралған құндылықты коллекция ретінде жинаудан бөлек төлем қаражаты ретін де пайдалануға болады екен. Тек оған небары 500-теңгеге бағаланған тауарды сатып ала аласыз.

 

 

Акбопе Танирберген.