Спорт

Солтүстікқазақстандық спортшылардың айы оңынан тууда

Сондай-ақ, жерлес спортшыларымыз республикалық деңгейдегі жарыстан да жеңіспен оралды. Семей қаласында кикбоксингтен өткен ел біріншілігінде Жадыра Ахмадиева Қазақстан чемпионы атанды. Игорь Шанин, Алексей Кривенколар күміс медельды қанжығаларына байлады. Никита Ибрагимов мен Рауан Смағұлов қола жүлдені місе тұтты.
Ал Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Төртінші Спартакиядасы аясында жеңіл атлетикадан біріншілік өтуде.

Жарыстың алғашқы күнінде солтүстікқазақстандық жеңілатлеттер түрлі дисциплиналарда үздік атанды. 400 метр қашықтыққа жүгіруде Михаил Литвин топ жарды. Александра Сарамотина балға лақтырудан күміс жүлдегер атанды. 100 метрге жүгіруде Александра Викторенко финишке екінші болып келді. Біріншіліктің қола жүлделеріне балға лақтыруда Санат Бейсенов пен ұзындыққа секіруде Екатерина Эктова ие болды.

Стажер.