Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі аудан фермерлерімен кездесті

Павел Леонов- «Леонов» ШҚ директоры.

– Келешекте біз сүтті бағыттағы мал басын арттыруды көздеп отырмыз. Үстіміздегі жылы қайта өңдеуді іске қоспақ ойымыз бар. Итальяндық қондырғыларды орнату жоспарда бар. Қазір қарастырып жатырмыз. Ірімшік, сүт өнімдерін шығаратын боламыз.

Кейін аққайыңдық тағы бірнеше фермермен кездескен өңір жетекшісі шаруашылықтардағы мал басының санын арттыруды тапсырды. Бұдан соң кездесу М. Жұмабаев ауданының агроқрылымдары басшыларымен жалғасты. «Жетісу-Жер» ЖШС қарамағында 20 мың гектарға жуық жер бар. Бірақ мал ұстамайды. Мұндағылар биылдан бастап мал шаруашылығын дамытуды көздеп отыр.

Гүлшара Абдрахманова- «Жетісу-Жер» ЖШС директоры.

-100 бас аламын. Қазақтың ақ бас сиырынан. Келесі жылға қосамыз. 100, бірақ кем дегенде 50 бас.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

– Халықтың жалақысын арттыру қажет. Олар тек егістен орақ науқанына дейін ғана жұмыс істемей, 12 ай жұмыспен қамтылуы тиіс. Сондықтан биыл 300 бас алыңыз, келесі жылдары көбейтеміз ақырындап.

Бүгін облыс әкімі Ерік Сұлтановпен 4 аудан шаруалары кездесті. Алдағы уақытта мұндай шаралар жалғасын таппақ.

 

Магжан Ахмадина.