Қылмыс

Жыл басынан СҚО заңсыз айналымнан 9 келіден астам есірткі заттары алынып тасталды

Әлия Ешпенова – СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының инспекторы

– Петропавл қаласының 50 жастағы тұрғыны қамауға алынды. Азамат бұрындары сотталмаған және наркологиялық диспансерде тіркеуге алынбаған. Қазір заңсыз есірткі айналымы фактісі бойынша ҚР ҚК 297 бабы 3-тармағы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тексеріс амалдары жүріп жатыр.

Егер күдіктінің айыбы дәлелденсе, онда қолға түскен 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Әлия Ешпенова – СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының инспекторы

– Тәркіленген героиннің салмағы 391 граммды құрады. Бұл аса ірі көлемдегі есірткі ретінде есептеледі.

Пысқай аса ірі көлемдегі есірткіні сақтағандығын мойындап отыр. Жалпы жыл басынан тәртіп сақшылары облыс бойынша заңсыз айналымнан 9 келіден астам есірткі заттарын тәркілеген. Оның 800 граммға жуығы героин.

 

 

Риат Шони.