Қылмыс

Жалған ақша жасап келгендер ұсталды

 

Өткізілген жедел- іздестіру шараларының барысында 3 петропавлдықтан номиналы- 2000 теңге болатын 31 купьюра, яғни 62 мың теңге тәркіленген. Қылмыстық іс аясында заңды белшесінен басқан бір қала тұрғынының үйі тінтіліп, DVD-дискілер, флэш- карталар, жүйелік блок пен планшет алынған. Күдіктілердің бірінің берген түсініктемесіне сай, олар ақшаны сканерден өткізіп, оны түсті принтер арқылы басып шығарған. Қазір ҚР ҚК 231 бабының 2-ші тармағы, жалған ақша жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мақсатында әзірге жария етілмейді.

Магжан Ахмадина.