МТРА жаңалықтары

ҚР Ұлттық ұлан Әскери институты республикалық “Әскери керней” байқауына аттанбақ

Үш бірдей оркестрді басқару құрметі бүгін ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының дирижері Дархан Рахымғалиевке бұйырды. Оның бұл қызметте жүргеніне көп бола қоймаған. Кішкентайынан әскери адам болуды армандаған екен. Өнерге жақын болғандықтан, бүгінде қос мамандықты бірге алып жүр. Патриоттық әндер жастардың отансүйгіштік қасиетін нықтай түсуге септеседі дейді ол.

Дархан Рахымғалиев – ҚР Ұлттық ұланы Әскери институты әскери оркестрінің дирижері

– жылы Мәскеу қаласындағы әскери дирижерлер институтын бітірдім. Жіберілім бойынша Петропавл қаласының ҚР Ұлттық ұланы Әскери институты әскери оркестрінің дирижері болып тағайындалдым. Әскери шен қызықтырған соң осы мамандықты таңдадым. Әскери оркестр құрамы 25 адамнан тұрады. Біздің оркестрде жастары да бар, үлкендері де бар. Оларды басқару әрине де қиын. Бірақ әскер талап бәріне бірдей.

Ардақ Айтжановтың институт оркестрінде өнер көрсеткеніне биыл үш жылдан асыпты. Ол кішкентайынан музыкаға ғашық болып өскенін айтады. Бала кезінен ән айтып, түрлі байқауларға қатысып, жүлдегер атанған. Ардақ әскери істің қыр-сырын меңгергенде арасында өнерге де уақыт бөлген жөн дейді.

Ардақ Айтжанов – ҚР Ұлттық ұлан Әскери институты әскери оркестрдің аға нұсқаушысы

– ҚР Ұлттық ұлан Әскери институты әскери оркестрінде саксафон аспабын меңгердім. Өзіме ұнайды.

Мына алаңда әуелеген оркестр әуендері көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Барабанның жарқын даусы, жалынды саптық әндер жүректі тебірентіп, жігерлендірді.

Әскери киім киген музыканттар мен жас курсанттарға көпшілік қызыға қарады.

Теңдік Құлмағанбетова

– Бүгінгі концерт қалалықтар үшін үлкен сый деп ойлаймын. Өйткеені бұндай концертті орталық алаңда жиі өткізбейді.


Ботагөз Абжикенова

 

– Концерт өте жақсы, тамаша. Халық көп жиналды. Демалыс күндері концерттер болып тұрса жақсы болар еді. Бәрі де жақсы бірінен-бірі өтіп жатыр.

Айта кетейік, маусымның 18-і мен 20-сы аралығында Елордамыз Астанада республикалық «Әскери керней» байқауы өтеді. Сайысқа Қарағанды қаласының 6505 әскери бөлімі мен ҚР Ұлттық ұлан Әскери институтының оркестрі қатыспақ ниетте.

Айгерим Ержанова.