МТРА жаңалықтары

Жылыту маусымына дайындық шаралары

Ринат Гилязстдинов- «Полет-2» ПИК төрағасы.

-Борометрлер орнатып, қозғалтқышты алмастырдық. Екі күн ішінде кооперативке кіретін екі баспанада тиісті жұмыстар атқарылып, барлығы тексерілді. Үй тұрғындары да бұл шаруаның уақытылы атқарылғандығын қалайды. Сондықтан жылда ерте жасалады. Енді тиісті құжаттарды алсақ болғаны.

Жылыту маусымына дайындық шаралары қала әкімі Марат Тасмағанбетовтің жіті бақылауына алынған. Бүгін ол маңызды нуқанға сақадай сай отырған баспаналарда болып, тұрғындармен кездесті. Петропавлда 1041 көпқабатты үй бар болса, қазіргі таңда солардың 2-уі тиісті құжаттарын алған.

Татьяна Хрипунова- «Мира, 278» ПИК төраймы.

– Біз биыл бойлер мен элеваторларды күрделі жөндеуден өткізіп, 2 қозғалтқышты ауыстырдық. Ал жуып- шаю жұмыстары 5 маусым өткізілді. Өткен жолы біз облыс әкіміне аулаға асфальт төсеу қажеттігін айтиқан болтынбыз. Ол өтінішіміз орындалып, бізге жаңа асфальт төсеп берді. Енді балалар алаңын жасаса болды.

Теріскейдің сарышұнақ аязына уақытылы дайындалып, қысты ешбір апаттық оқиғаларсыз өткеру үшін бүгіндері қала басшылығымен қыруар шаруа тындырылуда. Естеріңізде болар, өткен жылы қаладағы 40 көпқабатты баспанада ғана науқанға әзірлік жасалды. Бұл жағдай биыл қайталанбауы тиіс. Сондықтан қазір маңызды іске жауапсыз қарайтындармен жұмыстар жүргізілуде. Бүгіндері петропавлдық 262 үйде ешбір басқару формасы жоқ.

Марат Тасмағанбетов- Петропавл қаласының әкімі.

– Бүгіндері біз барлық коммуаналдық кәсіпорындармен жылыту маусымына дайындық шараларын талқылап, үнемі кездесіп отырамыз. Бұл мәселе қазір бақылауға алынған. Барлық үйлер уақытылы жылыту маусымына дайындалуы керек. Өткен жылғы жағдайды ескере отырып, біз проблемалы баспаналдарды назарға алдық. Бірде бір үй маңызды науқаннан тыс қалмауы тиіс.

Қыс қыр астында екендігін ескерсек, қыркүйек айына дейін барлық көпқабатты үйлерде тиісті жұмыстар жасалуы тиіс.

 

 

Магжан Ахмадина.