Ләззәт Жамуқанова, қалалық мәслихаттың хатшысы.
– Қалалық мәслихат депутаттары орталыққа қан тапсыру үшін арнайы келді. Өз пікірім біздің қанымыз басқа науқастарға аса қажет. Сондықтан қала тұрғындарын акцияға қатысуға шақырамын.
Облыстық қан тапсыру орталығының құрметті донорлары да бар. Олар жылына 3-4 рет келіп қан тапсыруды әдетке айналдырған. Мәселен Гүлнара Зайтдинованың тұрақты донорлық танытып жүргеніне 30 жылға жуықтаған. Қан препараттарына зәру жандардың жағдайына бей-жай қарамайтын ардагер-донорларға ақ халаттылар алғыс білдіріп, сыйлық табыс етті.
Гүлнара Зайтдинова, тұрақты қан тапсырушы.
– Мен бірінші рет қан тапсыруға ауыр жағдайдағы танысына донорлық көрсетуімді сұраған құрбымның өтінішімен келген болатынмын. Сол уақыттан бері үзбей қан тапсырамын. Жылына 3-4 рет. Жалпы 2 ай сайын тапсыруға болады. Зәру жандарға көмек көрсету парыз. Өз денсаулығыма да еш зияны жоқ.
20 жасар студент Абылайхан Қайроллаев та акцияны қолдап, көппен бірге қан тапсыруды жөн көрген. Бүгін оның күре тамырына қан алмақ ниетте алғаш рет ине шаншылды. Игі шараның қатысушысы мұндағы кереуетке жайғасқан кезде бойын ептеп қорқыныш билегенін де жасырмады.
Абылайхан Қайроллаев, “Жас Отан” ЖҚ қалалық филиалының бөлім басшысы.
– Бүгінгі күні Жас Отан жастар қанатының қалалық филиалы мен “Қазақстанның болашағы үшін” атты студенттік ұйым аталған акцияға белсенді түрде қатысып отыр. 00:23 Қан тапсырар алдында біріншіде қобалжу болды. Оған қарамастан қазір тапсырып жатырмын. Барлық студеннттер мен қала тұрғындарын донор болуға шақырамын.
Студенттер мен салмағы 60 келіден төмен адамдардан 350 грамм қан алынады. Өзге донорлардан алынатын қан мөлшері 450 грамм. сондай-ақ, мұнда акция қатысушысы атанған адамға кішігірім сыйлық пен 400 теңге берілуде. Жалпы дәрігерлердің айтуынша, соңғы уақытта орталықта сақталатын қан көлемі өскен.
Наталья Солодухина, Облыстық қан орталығы бас дәрігердің орынбасары.
-Бұл шараны донор күнне орай жыл сайын өткіземін. Бүгінге 200 адамды қабылдаймыз деп отырмыз. Қаламыздағы барлық мекемелер мен ұжымдарға шақырту жібердік. Олар қарсылық танытпастан келісімдерін берді. Біз облыстағы ауруханаларды қан препаратымен қамтамасыз етеміз. Сондықтан қорымыз толық болуы шарт.
Бүкіләлемдік донор күні 2004 жылдан бастап аталып келеді. 18 жасқа толған денсаулығы мықты әрбір азамат қаламыздағы “Облыстық қан орталығына” келіп донор бола алады. Науқастың өмірі үшін қан тапсыру – әр адамның азаматтық парызы.
Акбопе Танирберген.