Спорт

Жанат Жақиянов жарады!

Вnews.kz агенттігінің хабарлауынша, (WBC) Бүкіл әлемдік бокс кеңесі барлық салмақ дережесі бойынша әлемдік боксерлер рейтингін жаңартыпты. Сонда жарияланған тізімге сай, солтүстікқазақстандық боксшы жеңіл салмақ дережесіндегі бұрынғы деңгейінде, яғни алғашқы орынға жайғасқан. Тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам бір орынға артқа шегеріліп, 33-ші орынға тұрақтаған. Ал алғашқы ауыр салмақта өнер көрсеткен Иса Ақбербаев 34-ші орыннан 36-шыға төмендеген. Еліміздің келесі боксшысы Бейбіт Шүменов те бұл рейтингте бір сатыға түсіп, 18-ші орыннан көрінді.