МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Жұмыспен қамту жол картасы 2020” бағдарламасының үшінші бағыты сәтті іске асуда

Меңдіғали Тамашов – жұмыс іздеуші.


-Мен бүгін жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеген мақсатпен келдім. Негізгі мамандығым слесарь-сантехник. Басқа да жұмыс болып қалады деген сенім бар. Көп жерлер де жасын зейнетке жақын қалды деп жұмысқа алмайды.

Жыл басынан мұнда келген жұмыс іздеушілердің саны 700-ден асыпты. Олардың көбі күзетші, құрылысшы мамандықтары бойынша еңбек етсем дегендер екен. Жоғары білімді жерлестерімізге де мекеме мамандарының көрсетер көмегі жетерлік. Жұмыс іздегендерге “Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020” бағдарламасы аясында жәрдем көрсетіледі.

Айжан Елиясова – Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.


– Үкімет қаулысының шешімімен 31 наурыздан бастап, жұмыспен қамтудың жол картасы 2020″ бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Жас мамандарға бұл бағдарламада ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі күні біздің тізімге 42 жұмыс іздеуші жас алынды. Университет, колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға республикалық бюдеттен 8,9 милион тенге бөлінді.

Жалпы бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 20млн теңгеге жуық қаражат бөлінген. Аталмыш соманың 9,4 миллионы 63 адамды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмсалыпты. 1,3 милион теңге 2014 жылдан кәсіби оқыту курстарында жүрген 8 маманға оқуларын жалғастыруға бөлінген.