МТРА жаңалықтары

Елімізде “Қазақстан балалары – Нұрлы жолмен” республикалық акциясы өтуде

Айгүл Мұстафина – Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-интернатының директоры.

– Біздің мектепте 72 педагог қызмет етеді. Олардың барлығы өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуде.

20-шы мамырда ел көлемінде бастау алған “Қазақстан балалары – Нұрлы жолмен” акциясы аясында мектеп-интернаттың бүгінгі тыныс-тіршілігімен облыс әкімі Ерік Сұлтанов жіті танысты. Жалпы білім ошағында 19 оқу сыныбы, медициналық кабинет пен интернатта тағы 90 жатын орны қарастырылыпты. Негізі мұндағы балғындардың дені спортпен айналысады. Түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ілігуде.

Серік Нұрғожин – Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-интернатының дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.

– Мектепте оқитын балалардың 134 дене шынықтыру сабағына қатысады. Түрлі спорттық жарыстарда өз бақтарын сынайды.

Жалпы мұнда тәрбиеленетін балғындардың 67-сі мүгедек, 53-і аз қамтылған отбасылардан шыққан, 2-уі жетім. 33 жасөспірім бүгінде өз үйлерінде оқытылады екен. Негізі ата-аналар балаларының осында білім алғалы бері денсаулықтары оңалып келе жатқанын байқаған.

Торғай Боғымбаева – ата-ана.

– Балама осы мектептің ұстаздары сабақ бергелі бері денсаулығы жақсарды. Қазір белсенділік танытуда.

Кездесу соңында облыс әкімі Ерік Сұлтанов білім ордасына заманауи музыкалық құрал-жабдықтарды сыйға тартты.

 

 

Риат Шони.