Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-да көктемгі дала жұмыстары аяқталуға шақ қалды

Ауа райының шуақты күндерін барынша пайдаланған өңір агроқұрылымдары жаздық егіске қарастырылған 3 миллион 973 мың гектар жердің 98 жарым пайызына бидай сеуіп үлгерді. Сөйтіп бұл жұмысты толығымен аяқтады. Сондай-ақ, 532 жарым мың гектарға майлы дақылдар сіңірілді. Фермерлер картоп пен көкөністерді де отырғызуды аяқтады. Оған қоса биыл 171 мың гектар алқапқа малға қажетті жем-азық болатын біржылдық және көпжылдық шөп отырғызылды дка хабарлайды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан.

 

Берик Касен.