Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД жанындағы Қоғамдық кеңес тұрғындарды қабылдады

Қоғамдық қабылдауға алаяқтардың тұзағына түскен қала тұрғындары көп келді. Біразы тұрғын үй мәселесін шешу барысында қиыншылықтарға тап болған. Мына нәзік жанды белгісіз бір ер адамнан баспана сатып аламын деп мол шығынға батыпты. Жәбірленуші тарап алаяқ ұсталып, жазасын алса деген өтінішін білдірді.

– Дайте мне конкретно: у какого судебного исполнителя дело находится; фамилию, имя, отчество, телефон – я разберусь сам с ним. И потом разберемся дальше по схеме.

Бұдан бөлек тұрғындар қоғамдық кеңес мүшелеріне көп қабатты баспаналарда заңға қайшы әрекеттер жасалатынын айтты. Мысалы, бір жерлесіміз көршісінің өз үйінде спирттік ішімдіктер мен насыбайды заңсыз сататынына шағымдануда. Азаматшаны сол аумақтың учаскелік полиция инспекторы бірнеше рет жауапқа тартып, айыппұл салса да іс нәтижесін берер емес. Әйел үнемі айыппұлын төлеп заңсыз әрекетін жалғастыруды әдетке айналдырған. СҚО ІІД жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы Жасұлан Ахметов ӘПБ-ның басшылығына бұл сұрақты бақылауға алуға кеңес берді.

 

Берик Касен.