МТРА жаңалықтары

Облыс бойынша тұрғын үй жағдайлары туралы мәліметОблыстық статистика департаментінің мамандары өңірде азаматтардың жайлы өмір сүруі үшін тұрғын үй жағдайларының қаншалықты жасалғандығы туралы зерттеулерін қорытындылады. Мәселен, тексеруден өткен 660 үй шаруашылығының 60 пайызға жуығында үш және одан да көп пәтер бар. Жергілікті халықтың 31,5 пайызының баспанасы бұдан бір бөлмеге кем болса,11,7 пайызы бір бөлмелі пәтерлерде тұрады екен. Бұл үйлердің көбі – жекеменшік. Адамдардың 4 пайызға жуығы жалдамалы баспананы мекендейді. Соның ішінде 52 пайызы – жеке тұрғын үйде, 42 пайызға жуығы пәтерлерде, ал 6,5 пайызы үйдің бір бөлігінде тұрады. Адамдардың арасында сұрау жүргізу барысында көп жағдайда олардың жартысынан астамы судың берілу қысымы, жылудың температурасына қанағаттанарлық деген пікірін білдірген. Ал, судың сапасы сауалнамаға қатысқандардың 38 пайызына ұнаса, 4,1 пайызының көңілінен шықпаған. Данаш Хамзина.

Мәселен, тексеруден өткен 660 үй шаруашылығының 60 пайызға жуығында үш және одан да көп пәтер бар. Жергілікті халықтың 31,5 пайызының баспанасы бұдан бір бөлмеге кем болса,11,7 пайызы бір бөлмелі пәтерлерде тұрады екен. Бұл үйлердің көбі – жекеменшік. Адамдардың 4 пайызға жуығы жалдамалы баспананы мекендейді. Соның ішінде 52 пайызы – жеке тұрғын үйде, 42 пайызға жуығы пәтерлерде, ал 6,5 пайызы үйдің бір бөлігінде тұрады.
Адамдардың арасында сұрау жүргізу барысында көп жағдайда олардың жартысынан астамы судың берілу қысымы, жылудың температурасына қанағаттанарлық деген пікірін білдірген.
Ал, судың сапасы сауалнамаға қатысқандардың 38 пайызына ұнаса, 4,1 пайызының көңілінен шықпаған.

Данаш Хамзина.