МТРА жаңалықтары

Күтпеген сый

Айтжан Тәжіғалиева- қала тұрғыны

– Өзімнің жеке кәсібім бар. Сондықтан үнемі түбіртек сұраймын. Оны балаларыма да үйреттім. Бірде осы «Түбіртекті суретке түсір де, сыйлық ұтып ал» акциясы жайлы естідім. Балаларым қатыс деді. Сосын күнде сауда жасағанда алған түбіртектерді суретке түсіріп, арнайы электрондық адреске жіберіп отырдым. Енді міне сыйлық жеңіп алдым. Қуаныштымын.

Аталмыш акция 1-ші мамардан бастап ел көлемінде жүрзігілуде. Ал Айтжан Тәжіғалиева бұл шараның облыстағы алғашқы жеңімпазы атанып отыр.

Евгений Яковенко- Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары

– Акцияға 323 түбіртек жіберілді. Тағы 9-ы талаптарға сай болмағандықтан қабылданбады. Бұл шараға үлкен сауда орындарынан алынған түбіртектер енбейді. Тек шағын дүкендерде талап етілгендер ғана қатыса алады. Смартфонға мобильдік қосымшаларды www.kkm.integro.kz <http://www.kkm.integro.kz> немесе плей маркет сайтынан алуға болады. Түбіртекті суретке түсіріп, оны бізге жіберу керек.

Акция ағымдағы жылдың 30-шы қарашасына дейін жалғасатындықтан, оған қатысушылар әлі де түбіртектерді суретке түсіріп жібере алады. Әр ай сайын жеңімпаздар анықталып отырмақ.

Магжан Ахмадина.