МТРА жаңалықтары

Пожарные учения

Сценарий бойынша ауыл аралық жол бойында сөндірілмеген шылым қалдығының кесірінен Куйбышев орман шаруашылығында өрт оқиғасы орын алған. Төтенже жағдай орнына 2 бірлік техника мен жеке құрамнан 10 адам жіберілді. Өрт сөндірушілерге көмекке мемлекеттік орман мекемесінің мамандары келіп жетті. Олар отты ауыздықтау туралы бұйрықты тосуда. Қызыл жалынды басу үшін мамандар ені 1,5 метр минералданған жолақты қорғаныш бөгеуін пайдаланды. Нәтижесінде өрт ошағы жойылды.

Сәкен Ақзамов – Петропавл қаласы №2 өрт сөндіру бөлімінің бастығы

– Жыл сайын біз өрт сөндіру қызметкерлерімен бірігіп осындай оқу-жаттығу жұмыстарын жүргіземіз. Петропавл қаласының тұрғындарын қырағылық танытып, өздерінен кейін сөнбеген темекі қалдықтарын қалдырмауға шақырамыз.


Айгерим Ержанова.